Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандылық «Алтын белгі» иегеріне аймақ басшылығы Еуропаға тегін саяхат сертификатын сыйлады

AstanaTV
15.06.2016ж. 20:00
1837
Қарағандылық «Алтын белгі» иегеріне аймақ басшылығы Еуропаға тегін саяхат сертификатын сыйлады

Қарағандылық «Алтын белгі» иегері Тілекберген Әбішев Еуропада тегін демалатын болды. Бүгін дарынды түлектер балында аймақ басшысы оған ең жоғарғы 125 балл жинағаны үшін еуротур сертификатын сыйлады.

Тілекберген Әбішев - Қарағанды облысында ең жоғарғы балл жинаған бірден бір оқушы. Жезқазған қаласындағы қазақ-түлік лицейінің түлегі, енді ол Назарбаев университетінің студенті атанбақ. «Инженер» мамандығын таңдаған дарынды жас Қазақстанның құрылысы саласында өз қолтаңбасын қалдыратын үздік маман болуды армандайды. Еуропаға тегін саяхатты да шетелдің сәулетті ғимараттарымен жақын танысуға пайдаланбақшы. Заманға сай білім алып, өз елі үшін еңбек еткісі келеді.

Тілекберген Әбішев, «Алтын белгі» иегері:

Осы жерге барлық дарынды балаларды жинады. Солардың қатарында болғаныма қуаныштымын. Бұл менің өзімнің ғана жетістігім деп ойламаймын. Ары қарай осы елімді дамыған елдердің қатарына қосқым келеді.

Арнайы шараға барлығы 161 түлек қатысты. Оның 121-і «Алтын белгі» иегері, 40-ы халықаралық олимпиадалар мен шығармашылық байқау жеңімпазы. Дарынды жастар бүгін аймақ басшылығының арнайы ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Облыста ұлттық бірыңғай тестлеуге 4475 түлек қатысқан.

Кеншілер өңірінің оқушылары білім деңгейі бойынша елдегі жалпы көрсеткіште алдыңғы қатарда. Әсіресе, Дарын, қазақ-түрік лицейлері өзгелерден озық шықты. Қарағандылық оқушылар биылғы республикалық жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық олимпиадаларда 2 орын иеленіп, жылдың «Үздік олимпиадалық командасы» атанған. Ал, президент олимпиадасында еліміз бойынша 3-інші орынды жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, 102 түлек халықаралық ғылыми байқаулардан 62 медаль ұтып алған. Олардың барлығы биылғы ҰБТ-дан босатылды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

121 балаларымыз, жерлесіміз «алтын белгі» алып жатыр. Түрлі олимпиадаларда жеңіп, бірінші, екінші дәрежеге көтеріліп. Ол да біздің балаларымыздың білімдерінің жоғары екенін көрсетіп жатыр.

Айжан ҚУАШ