$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуанғанов Еуропарламент делегациясымен кездесті

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
1268
«Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуанғанов Еуропарламент делегациясымен кездесті

«Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуанғанов Еуропарламенттің делегациясымен кездесті. Басқосу барысында өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Еуропа қарым-қатынасының даму қарқынына тоқталып, партияаралық сұхбатты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, кездесуде Еуроодақпен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері де сөз болды. Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты жағдай, білім беру саласы,  энергетика, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Еске салайық, Еурооодақ пен Қазақстан арасындағы өзара әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге 1995 жылы қаңтарда қол қойылған. Құжат 1999 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген-ді. Онда Қазақстанның саяси және экономикалық субъект ретіндегі маңыздылығы толыққанды қамтылмағандықтан, бүгінде тараптар Келісімнің жаңа жобасын әзірлеуде. Онда екіжақты қарым-қатынас және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты пайда болған әріптестік салалары қамтылған.

Жұрағат БАМАН
 

Алдыңғы жаңалық