Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жақын бес жылда көлік және трактор өндірісіндегі қазақстандық үлес 50 пайызға дейін жетуі тиіс

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
1068
Жақын бес жылда көлік және трактор өндірісіндегі қазақстандық үлес 50 пайызға дейін жетуі тиіс

Жақын бес жылдықта автокөлік және трактор құрастыру өндірісіндегі қазақстандық үлес 50 пайызға жетуі тиіс. Бұл туралы журналистермен кездесуде Қазақстан көлік құрастыру одағы басқармасының төрағасы, Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев мәлімдеді. Айтуынша, бұл шара Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажет.

Сондай-ақ, төрағаның айтуынша, 2014 жылы көлік құрастыру зауыттары шығарған құны 60 миллион долларды құрайтын өнім экспортқа шығарылған. Алайда биыл бұл көрсеткіш едәуір төмендеді. Экспорттың әл-ауқатын арттыру бойынша мәселелер енді 1-2 қазанда Астанада өтетін қазақстандық көлік құрастырушылардың үшінші форумында талқыланбақ. 

Мейрам Пішембаев, «Қазақстан көлік құрастырушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы:

Ресеймен, Беларусьпен, тағы Қырғызстан, Армения біріккен экономикалық бірлестігімізде өзіміздің заттарымызды сата алмаймыз 2020 жылдан кейін. Сондықтан қазіргі ең маңызды мәселе - осы автобөлшектерді, құрал-саймандар, сол трактор неден жиналады, сол заттар өз елімізде шығып, қазақстандық мазмұны оның ішінде 50 пайызға кем болмауы керек.

Жұрағат БАМАН