$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының отырысы өтті

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
919
«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының отырысы өтті

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының отырысы өтті. Жиын «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тілдік қатынастар» тақырыбын қамтыған. Сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесі мен бүгінгі хал-жағдайы сөз болды. Шараға журналистер мен блогерлер, саясаттанушылар және медиа сарапшылар қатысты.

Айта өтейік, биыл «Тілдер туралы» заңның қабылданғанына 26 жыл толды.
Осыған орай қатысушылар мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы туралы ойларын ортаға салды. Телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлесі 50 пайыздан кем болмауын қалайтындықтарын жеткізді.  

Берік Құрманғали, «Нұр Отан» партиясы төрағасы бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi:

Әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікір қай тілде қалыптасуда? Осы бағыт та бүгінгі жиында сөз болды. Ең бастысы - осындай басқосулар арқылы қазақ тілінің мәртебесін, деңгейін өз тұғырына қондыру мәслесі жан-жақты ұсыныстармен сөз болды. Енді мұндай жиындар алдағы уақытта да сөз болады.


Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА