Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

БҚО-да әскерге барғысы келмейтіндер көбейген

AstanaTV
25.09.2015ж. 20:00
1688
БҚО-да әскерге барғысы келмейтіндер көбейген

Әскерге барғым келмейді! Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданында Отан алдындағы борышын өтеуге асықпайтындар көбейген. Бұл жайында арнамызға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы айтты. Биыл әскер қатарына 1300 адам шақыру алыпты. Бірақ олардың 40 пайызға жуығы азаматтық борышын өтеуден бас тартқан. Дәрігерлер, «тепсе темір үзетін азаматтардың онсыз да аз екенін», айтады. Денсаулығы жастайынан сыр бергендердің  

Юрий Кауисов, БҚО Қазталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы:

Повестка жібергенмен, олардың ата-анасы алмайды, бала деген Ақтауда, білмеймін, енді, өзі кәмелетке жеткен бала, өзіне беріңдер, деген сияқты ата-аналар бар, Ақтауда БТР батып кетті, ана жерде бір солдат өліп қалды, мына жерде бір солдат өліп қалды дегенге, біздер жібермейміз дейді.

Жігіттер әскерге барудан бас тарту себебін көбіне жұмыс істеп жүргенімен түсіндіреді. Ең сорақысы сол, екі қолға бір күрек табудың оңай болмағанын айтқан олар «әскер ешқайда қашпайды» деп, жайбарақат отыр.

Армияға барсам, менің жұмысым сақталмайды, ол жақта босқа бір жылымды жоғалтамын. Қайтып келгенше, бітірген оқуымнан қарайып қаламын. Сосын лайықты жұмыс тапқанша, уақыт өтіп кетеді. Сондықтан, бір жыл болса да, уақытымның босқа өтпегенін қалаймын. Әскерге барғысы келетіндер бізсіз де жетеді ғой.

Еркін КАРИН