$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өткен жылы дауға айналған қызылшаға қарсы үнді вакцинасы биыл тағы егіледі.

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1287
Өткен жылы дауға айналған қызылшаға қарсы үнді вакцинасы биыл тағы егіледі.

 Өткен жылы дауға айналған қызылшаға қарсы үнді вакцинасы биыл тағы егіледі. Бүгін бұл вакцинаның қауіпсіздігін айтқан Тұтынушылар құқын қорғау комитеті қызметкерлері өз балаларына осы екпені салғызды. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, биыл ақпан айында 530 мыңға жуық адамға вакцина егілген. Ал алдағы қазан айының бірінен бастап тағы 300 мыңға жуық 15-19 жас аралығындағы жасөспірімге салу жоспарланған. Бас дәрігердің сөзінше, емдік дәрі-дәрмектерге, медициналық техника мен бұйымдарға сараптама жүргізілген. Сондай-ақ, вакцина физика-химиялық және биологиялық тексерістерден өткен. Сондықтан екпе ешқандай қауіп төндірмейді, керісінше аурудың алдын алады деп сендірді бас санитар.

Жандарбек Бекшин, ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

Ешкімді алдағымыз келмейді жоқ бұл үндінікі емес, Ұлыбританиянікі деп. Жоқ оған біз бармаймыз. Біз шынымызды айтып отырмыз. Ең біріншіден осы ата-аналарға айтатыным, ертең естімедік, білмедік деп өкінбесін.

Еске салсақ, өткен жылы Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы егілген 60-қа жуық адам, сондай-ақ, Теміртаудағы медицина колледжінің 18 студенті жоғары температурамен ауруханаға түскен-ді. Ал Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласының мамандары қолданылған екпені сапасыз деп таныған. Десе де, бұл өңірде екпеден кейін ауырғандар болмаған. Бұндай  жағдайлардан кейін Қазақстанда вакциналау уақытша тоқтатылған-ды.

 Азамат АЛДОҢҒАРОВ   




Алдыңғы жаңалық