Таулы-Қарабах аймағындағы қақтығыстарда Әзірбайжанның 10 әскери қызметшісі қаза тапты. Ал армениялық тараптан адам шығыны жоқ. Бұл туралы ақпарды тәуелсіздігі әлі мойындалмаған Таулы-Қарабах республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратты деп хабарлайды «РИА-НОВОСТИ». Ал Армения не Әзірбайжан билігі бұған қатысты ешқандай ақпарат таратпай отыр. Шетелдік бұқаралық ақпарат агенттігінің мәліметінше, соңғы екі тәулікте Әзірбайжан әскерилері оқ атуды тоқтату режимін 120 рет бұзған. Айта кетерлігі, қақтығыстар барысында Армения және Әзірбайжан арасындағы 1994 жылғы уақытша бітімнен кейін алғаш рет гранатомет, минометтер мен РСЗО-дан оқ атылды. Еске салсақ, Таулы-Қарабахқа қатысты Армения мен Әзірбайжан арасындағы жер дауы 1988 жылдан бері жалғасып келеді.
Жұрағат БАМАН