$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған азамат қоғамдық көлік жүргізіп келген

AstanaTV
29.09.2015ж. 20:00
1479
Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған азамат қоғамдық көлік жүргізіп келген

Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған азамат қоғамдық көлікті тізгіндеп келген. Сонымен қатар туберкулезге шалдыққан 4 азамат та жолаушылар тасымалымен айналысқан. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасы мәлімдеді. Олар жұмыстан шеттетілген. Дегенмен құзырлы орган мамандары жүргізушілердің неше жылдан бері жолаушы тасымалдағанын дөп басып айта алмады. Прокурорлық кезекті тексеру қорытындысына сәйкес 52 жүргізушінің қоғамдық көлікті басқаруға рұқсаты болмаған. Табысын ұлғайту мақсатында 12-15 сағат демалыссыз еңбек етіп, жолаушылардың денсаулығына қауіп төндіргендері де бар. Күнделікті жолға шығатын автобустардың 100-ден астамы техникалық байқаудан өтпеген көрінеді. Жол жүру ережесін елемей, бір жыл ішінде 17 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған жүргізуші осы күнге дейін қоғамдық көлікті басқарған. Прокурорлар жауапты азаматтарға айыппұл саламыз деп отыр.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы іс басқармасының басшысы:

Тиісті шаралар қабылданып жатыр. Біз уәкілетті органдарға ұсыныстар енгіздік. Олар тарапынан қосымша тексерулер жүргізіліп, қаншалықты осы қауіпті, адамға, қоғамға қауіпті екендігін жөнінде есеп беріп, тиісті шаралар қабылдау үшін.

Мансұр ЕСХОЖИН