Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Кеш емес" ток шоуы: "Үй болу қиын..."

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1851
"Кеш емес" ток шоуы:  "Үй болу қиын..."

Биылғы жылдың жарты жылдығында ажырасқандар саны 20 мыңнан асып түсті. Ал оған "талақ" айтып тайраңдап жүргендерді қосыңыз. «Сүннетті ұстандым» деп, әйелдің бірнешеуін алып, кейін «талақ» айтуға әдеттенген азаматтар көбейген. Бүгін дәл осы «талақ» мәселесі  сағат 23.00-де  "Кеш емес" ток шоуында талқыланбақ. Мәриям есімді кейіпкер, жарынан 3 мәрте талақ алғанымен, ақ некесін ойран еткісі келмейді. Кейіпкер тағдырын арқау еткен бағдарламада дінтанушылар, имамдар мен қоғам қайраткерлерінің пікір-таласын ұсынамыз.

Ақбөпе ТІЛЕГЕНОВА,  «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты ұстазы

Талақты қай адам береді? Исламда  ең сүйкімсіз нәрселердің бірі деді ия, талақ. Кез-келген  адам, Аллаға иман еткен адам, оның да Алланың жаратылысы екенін  білген адам оны алып тастай бермейді.  Талақты  кімдер береді, иманы санасына сіңбеген.

Бақытжан ӨТКЕЛБАЕВ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы

Бұл енді теріс пиғылдағы  радикалдық бағыттағы азаматтар осы талақ, отбасы мәселесін ойынға айналдырып, өзінің нәпсіқұсмарлығына беріліп,  жас қыз-келіншектерді алып  өзінің қалаған уақытында талақ беріп ажырасып, осылай тағдырдың тәлкегіне тастап жатқан азаматтар бар.   

Лаура Қосылбай