$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Владимир Путин: Ресейдің Сириядағы қарулы қақтығысқа араласу жоспары жоқ.

AstanaTV
28.09.2015ж. 20:00
1310
 Владимир Путин: Ресейдің Сириядағы қарулы қақтығысқа араласу жоспары жоқ.

Ресейдің Сириядағы қарулы қақтығысқа араласу жоспары жоқ. Бұндай мәлімдемені Ресей президенті Владимир Путин  жасады. Десе де Путин, Башар Асад билігіне қолдау көрсететінін жасырмады. Оның сөзінше, қазір Сирияда бір ғана ресейлік армия бар. Владимир Путин сондай-ақ ДАИШ-ке қарсы күрес үшін Ресей Ирак, Иран және Сириямен бірлесе ортақ ақпараттық орталық құрғандығын мәлімдеді. Орталықтың бас мақсаты Таяу шығыс өңіріндегі жағдай туралы ақпарат жинастырып сараптау. Сирия дағдарысы бойынша Мәскеудің жақтасы Иран басшысы Хасан Рухани, Сирия Асад билігінсіз терроршылардың «жұмағына» айналады деген пікірде. Қазірдің өзінде содырлар өздерін тым еркін сезінуде. Сирияның тең жартысы қазір өздерін Ислам мемлекеті деп атаған терроршылардың қолында. Ал АҚШ бастаған халықаралық коалицияның еңбегі әзірге еш нәтиже бермей отыр.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

Ол жақтағы жалғыз заңды әскер - ол Башар Асадтың әскері. Халықаралық серіктестеріміздің сөздерінше, оған қазір оппозиция қарсы шығыпты-мыс. Ал шындығында Асад терроршылармен күресуде. Сондықтан біз іс-қимылымызды реттейтін орталық құрдық. Террористерге қарсы күресте ортақ платформа тапсақ, жақсы болар еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ