Оралдық мүгедектер үшін қоғамдық орындарға кіру оңай болмай тұр. Бүгін "Нұр Отан" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында, көпшілік жиі баратын ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қаншалықты лайықты екені тексерілді.
Талапқа сай, ғимарат алдындағы пандустардың тым биік болмау керек және дәретханалар арнайы жабдықталуы тиіс. Ал көзі көрмейтін зағип жандар үшін қабырғаны жағалай ұстайтын арнайы темір орнатылуы керек. Алдымен сауда үйі мен диагностикалық емдеу орталығын аралап, кінәрат таппаған мүгедектер қалалық автобекеттің табалдырығынан әріге аса алмай, біраз кідірді. Бекет қызметкерлері арбамен өтетін есіктің кілтін таппай, біраз әуреленді. Рейдті ұйымдастырушылар осындай кемшіліктерді қағазға түсіріп, мекеме басшыларына жолдайды. Ал араға уақыт салып, осы сыннан қандай қорытынды шығарғанын тағы тексеретін болады.
Гүлмира Батпақұлова, "Арба" қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
Бір-екі жеріміз бар. Олар автобусқа отыра алмайтын арбада отырған кісілерге өте қиын. Подъемник жоқ. Содан кейін пойызға отыра алмайды және аэропортқа. Пешеходный переходтағы бордюрлерді алып тастаса, жүре алады кісілер.
Еркін ҚАРИН