Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ішкі істер қызметін бақылауда азаматтық қоғам рөлін арттыру

AstanaTV
29.09.2015ж. 20:00
1200
Ішкі істер қызметін бақылауда азаматтық қоғам рөлін арттыру

Бүгін "Нұр Отан" партиясының мұрындық болуымен "жергілікті полиция қызметінің жұмысы" жайындағы заң жобасы қайта пысықталды. Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметі де кеңінен сөз етілді. Дөңгелек үстел жиыны барысында баяндама жасаған әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха, Жергілікті полиция қызметінің жергілікті атқарушы органдарға есептілігі саладағы  жұмыстың ашықтығы мен азаматтардың сенімін арттыруға ықпал ететінін айтты. Айта өтейік, қазір заң жобасы парламенттің төменгі палата депутаттарының қарауында.

Игорь Лепеха, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Заң жобасының бірқатар ұсақ детальдарын сөз еттік. Қазір Құжат Парламент мәжілісінің қарауында. депутататар заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Бәрі ойдағыдай болса, заң жобасы Сенат қарауына жіберіледі. Бүгін депуттардың ұйытқы болуымен тағы бір жиын өткізіп, жобаны бір пысықтап алдық.