Қостанай облысында "қолжетімді баспана" мұқтаждар үшін қолжетімсіз болып келген. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы арнайы тексеру комиссиясының төрағасы Әмірхан Асанов айтты. Өңірдегі комиссия өкілдері мемлекеттік бағдарлама бойынша 2013-2014 жылдары пайдалануға берілген көпқабатты үйлерді тексеріп шығыпты. Нәтижесінде, Рудный және Лисаков қаласында 62 пәтердің кезектен тыс бөлінгендігі белгілі болған. Бұл пәтерлерге көбінесе ұстаздар мен дәрігерлер қоныстанған көрінеді. Енді олар баспананы кері қайтарып, әкімдік тарапынан бөлінетін басқа үйге көшуі тиіс. Ал, тәркіленген пәтерлер кезекте тұрған ардагерлер мен жетім балаларға берілмек. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, дейді комиссия төрағасы.
Әмірхан
Асанов, Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы:
Очередсіз алынған пәтерлер босатылып, оған кезекте тұрған адамдар қонысатанады. Ал, кезектен тыс үй алған жаңағы мамандарға әкімдік бюджеттен қаражат қарастырып сатып алып береді не