$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Жоғарғы оқу орнын жемқорлық жайласа, ректор қызметінен кетеді

AstanaTV
23.10.2015ж. 20:00
996
Жоғарғы оқу орнын жемқорлық жайласа, ректор қызметінен кетеді

Жоғарғы оқу орнын жемқорлық жайласа, ректор қызметінен кетеді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткен үйлестіру кеңесінде  Білім және ғылым вице-министрі {КСМ} Тахир Балықбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, оқу орнындағы жемқорлық жағдайы мен студенттерді осы үрдіске қарсы тұруға тәрбиелеу ісіне бірінші кезекте ректор жауапты. Бүгінде жоғарғы оқу орындарын парақорлық меңдеп кеткенін министрлік өкілдері мойындайды. Бұған халықтан түскен шағым хаттар да дәлел. Биыл 500-ге жуық арыз түскен. Оның 75-сі жемқорлық фактісіне қатысты болып шықты.   

Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Ондай ректорларға бұдан былай шыдамаймыз. Сондықтан бір жерде АТАЛМЫШ жағдайды көретін болсақ, ректорлардан жемқорлықпен айналыспауды ғана емес, біржола жоғарғы оқу орнының жұмысымен айналыспауды сұрайтын боламыз.

 А.ӘДЕПБАЙ