«Қаза мен жаза». Алматыда осындай атаумен қылмыстық драма жанрындағы спектакль премьерасы өтті. Оны Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының белгілі әртістері сомдады. Туынды авторы, драматург әрі киногер Игорь Вовнянко. Ол қазақ театрының сахнасына Асанәлі Әшімовтің режиссерлігімен қойылды. Осы шығарма арқылы авторлар, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген тақырыпты ашуға тырысады. Ауылдан келген Әсел есімді жас қыздың қалада бастан кешкендері, ең ауыры оған «адам өлтірді» деп жала жабылып, істі болатын тұсы. Ауқаттылар мен үй қызметшісінің арасындағы әлеуметтік теңсіздік драманың мазмұнын аша түседі.
Сырым Асқаров, Режиссер:
Мына спектакль бүгінгі өмірдің айнасы іспеттес. Қазіргі заманда не болып жатыр, қазіргі жастар, қазіргі үлкен буын, кіші, орта буынның өмірі көрсетілген. Бүгінгі заман қандай болса, соның айнасы.
Р.АСҚАРБЕКҰЛЫ