Шымкентке Тибет тауларында ғана тіршілік ететін көк қошқарлар әкелінді. Сирек кездесетін ерекше қос қошқар Ресейдің Новосібір қаласынан сатып алынған. 6 метр биікке секіре алатын қошқарлар ұшақпен аса сақтықпен жеткізіліпті. Зообақтағылар "қызыл кітапқа" енген жануарлар Орталық Азиядағы хайуанаттар бағының ешбірінде жоқ деп отыр. Сондықтан келер жылы ұрғашылары әкелініп, олардың басын көбейту жоспарланған. Ал олар өздерін зообақта еркін сезіну үшін арнайы тау-тастақ жасалмақ.
Латипша Әлиев, Шымкент мемлекеттік зообағы директорының орынбасары:
Бұл қошқар бір ай бойы карантиндік жағдайда болады, ветеринарлардың бақылауында. Қазір олар үйреніп қалды. Келер жылы біз оларды зообақта салынып жатқан жасанды тауларға жібереміз. Осында басын көбейту арқылы Орта Азиядағы зообақтарға таратамыз деген ой бар.
А.ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ