$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Агент 007» фильмі қазақшаға аударылды

AstanaTV
26.10.2015ж. 20:00
4974
«Агент 007» фильмі қазақшаға аударылды


 «Агент 007» фильмі қазақша сөйлейтін болды. Ғаламторда блокбастердің ресми трейлері шықты. Ағылшындық әйгілі агент Джеймс Бонд туралы фильм қазақ тіліне аударылған 12-ші туынды. Бондтың даусын салу актер Ержан Жарылқасымовқа жүктелген. Экшнның өзге кейіпкерлерін Азамат Қанапия, Күнсұлу Шаяхметова және Самат Қордабаев дыбыстайды. Дубляждың режиссері Айжан Жамшитова. Бұған дейін ол «Малефисента», «Өрмекші адам» және «Күлшеқыз» сынды голливуд туындыларын қазақша сөйлеткен еді. Дубляж жұмыстары  қараша айында толығымен аяқталмақ.