Қытайдан Қазақстанға онлайн тауар импорттау соңғы 9 айда бірнеше есеге ұлғайып, экспорт көлемі керісінше төмендеген. «Allbiz» Халықаралық интернет-сауда орталығының зерттеу нәтижелері осыны көрсетті. Онлайн саудадағы қытайлық компаниялардың импорттық үлесі отандық компаниялардан бес есе артық. Кәсіпкерлер көрші елден онлайн тапсырыс арқылы көбіне тоқыма жабдықтары мен аттракциондарға арналған саймандар сатып алған. Бұл тапсырыстың 1,3 пайызын құрайды. Сондай-ақ, Қытай тауарлары тізімінде электромобиль, азық-түлік және бұрғылау өндірісі құрал саймандары, көлік сұйықтықтары мен шұлықтар бар. Ал Қытай компаниялары Қазақстаннан тоқымашылық шикізатын сатып алатын көрінеді. Оның үлесі 6,6 пайыз. Сондай-ақ, аспан асты еліне мырыш, ағаш, ұн және майлы дақылдар экспортталған. Жалпы, екі ел арасындағы онлайн-сауда көлемі өткен жылдармен салыстырғанда едәуір төмен. Мамандар бұл жағдайды Қытайдағы экономикалық дағдарыспен байланыстырады.
Жігер Саттарова, "ALLBIZ" халықаралық интернет-сауда орталығының маркетинг бөлімі жетекшісі:
Қытай нарығында сатылатын тауар түрлері сан алуан. Интернет сауда дамығандықтан,қалаған затты онлайн тапсырыс арқылы алуға болады. Оларда экспорт жоғары болуының себебі сол.
Ал бізде бұл бағыт енді дамып
келеді. Десе де, отандық компаниялардың белсенділігі зор. Дағдарыс кезеңінде
екі ел арасындағы онлайн сауда-саттық бәсеңдеп қалғаны рас,бұл көрсеткіш алдағы
уақытта жоғарылайды деген болжам бар.
Ж.БАМАН