$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Самұрық-Қазынадағы» трансформациялау 2020 жылға қарай аяқталуы мүмкін

AstanaTV
26.10.2015ж. 20:00
1223
«Самұрық-Қазынадағы» трансформациялау 2020 жылға қарай аяқталуы мүмкін

«Самұрық-Қазынаның»  пайда әкелмейтін еншілес компаниялары жабылады. Бұл туралы ұлттық әл- ауқат қорының Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директоры мәлімдеді. Қазір қордың қанатының астында 500-ден астам еншілес компания бар. Олар түгелдей дерлік ірі холдингтерге шоғырланған. Адамас Илькявичюстың айтуынша, трансформацияның арқасында пайда әкелмейтін компанияларды қысқарту көзделген. Десе де «Самұрық-Қазынаға» тиесілі «ҚазИнженеринг», «Тау-кен Самұрық», «Эйр Астана» компанияларында трансформация жүргізілмеген көрінеді. Қордағы трансформациялау шаралары 2020 жылы аяқталады деген болжам бар. 

Адамас Илькявичюс, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор:

2020 жылға қарай Самұрық-Қазынада экономикалық тұрғыдан тиімсіз бірде-бір компания болмайды. Қыруар қаржы құйып ашқан компаниялар, өзіне жұмсалған қаржыдан мол табыс әкелуі керек. Егер пайда әкелмейтін активтер болса олардан құтылатын боламыз. Соңғы мерзім ол 2020 жыл.

 Б.ХАСЕНОВ