«Шагиров» коммуналдық мекемесі сот отырыстары аяқталғанша емдеу орталығын жылумен қамтамасыз ететін болды. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне емхананың заңгері айтты. Ал Қарағанды облыстық ауданаралық экономикалық сотында осы іске қатысты сотқа дейінгі тыңдау басталды. Емхана басшылығы жылудың ақысын есептеуіш құралының көрсеткішіне сай төлемек ниетте. Соңғы 5 жыл ішінде мекеме осындай жүйе бойынша қарызын өтеп келген. Ал, жергілікті монополист мұнымен келіспей отыр. Олар жылу ақысы шаршы метрлерге шақталуы керек деген ұстанымда. Еске салайық, Саран қаласындағы емхананың жылудан қағылғанына бір айдан астам уақыт болды. Дәрігерлер науқастарды суық бөлмелерде қабылдауға мәжбүр болған.
Гүлмира Тұрғымбаева, Саран қалалық емханасының заңгері:
Жылуға қосылдық. Емхананың іші жып-жылы. Бірақ біз мәселені соңына дейін жеткізуге ниеттіміз.
Л.ҚАЗИАҚПАРОВА