«Қазмұнайгазға»
тиесілі Румыниядағы «Rompetrol»-дың 51 пайыз акциясы сатылады. Шетелдік актив
жекешелендіру тізіміне іліккен. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық
әл-ауқат қорының Қаржы және операциялар
жөніндегі басқарушы директоры Елена Бахмутова мәлімдеді.
Еске салайық, «Rompetrol» - 100
пайыз «Қазмұнайгазға» тиесі компания. Румынияда орналасқан.
Қарамағында екі мұнай өңдеу зауыты, Еуропада 100-ге жуық отын тарату бекеті
бар. «Қазмұнайгаз» 2007 жылы оның 75 пайыз, 2009 жылы 100 пайыз
акциясын иеленген. 2010 жылы «Петромидия» мұнай өңдеу зауыты Еуро-5 шығара
бастайды. Сөйтіп, шетелдік актив Шығыс Еуропаны сапалы жанармаймен қарық қылады
деп жоспарланған. Ал 2014 жылы «Rompetrol» «KMG International N.V.» деп атауын өзгертті.
Елена Бахмутова,
«Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директоры:
«Ромпетролдың»
51 пайызы сатылады деп жоспараланды. Сәкесінше, оның қызметі тоқтатылған деп
есептеліп, табысы қаржылық-есепке алыныбайды. Менеджмент алдағы 12 ай ішінде
актив сатылады деген сенімде. «Әділ»
бағасы белгіленді. Оған нақты «Қазмұнайгаз» басшылығы жауап береді.
«Ромпетролдың»
сатылатыны
«Самұрық-Қазынаның» жылдық табысының төмендеуіне едәуір әсер етті. 2015 жылы
мұнай-газдың түсімі небірі 34 пайызды құрады. 2014 жылы ол 62 пайыз болатын. Дегенмен, ұлттық әл-ауқат қорының таза табысы былтыр 30 пайызға артқан. Өйткені АҚШ валютасының
бағамы өзгеріп, тау-кен өндірісі пайдаға кенелді. Және уран мен таза алтын бағасының
өскені әсер етті. Былтыр қордың компаниялары мен топтары бюджетке 666 млрд теңге
салық төлеген.
Балжит Грюал, «Самұрық-Қазына»
АҚ стратегия және активтер портфелін басқару жөніндегі басқарушы директоры:
2016 жылы сыртқы жағдайлар
әсерінен қиындықтар болады деп күтіледі. Ол тауар бағаларына және аймақтық
серіктестерге байланысты. Мұнай бағасына келсек, 2017 және 2018 жылдары баррелі 45 деп, 2019-2020
жылдары 50-54 доллар болады деп болжаймыз.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ