Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Т.Мұсабаев: Қазақстанда ғарышкерлер санын көбейтуге мүмкіндік те, қажеттілік те жоқ

AstanaTV
28.10.2015ж. 20:00
2520
Т.Мұсабаев: Қазақстанда ғарышкерлер санын көбейтуге мүмкіндік те, қажеттілік те жоқ

Қазақстанда ғарышкерлер санын көбейтуге мүмкіндік те, қажеттілік те жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ұлттық ғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Айдын Айымбетовтің сапарынан кейін, Қазақстан үш және одан да көп ғарышкері бар тоғыз мемлекеттің қатарынан орын алды. Әлем бойынша бас аяғы 500-ден астам ғарышкер өзге ғаламшарға сапар шексе, оның үшеуі қазақ. Мұсабаевтың сөзінше адам қолымен басқарылатын жер серігін ұшыратын үш қана мемлекет бар. Ол Ресей, АҚШ және Қытай. Қазақстан да алдағы уақытта ғылыми мақсаттар тұрғысында ғарыш саласын дамыта түседі деді Қазғарыш басшысы.

Талғат Мұсабаев, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы:

Ғарышкерлер санын атақ үшін көбейте беруге біздің қаржылық мүмкіндігіміз жоқ. Және оның қажеті де шамалы. Біздің мамандар нақты ғылыми бағдарламаларды іске асыру үшін ғарышқа ұшады.Уақыты келгенде ғарышкерлерімізді тек халықаралық ғарыш станциясына емес, өзге де маңызды сапарға аттандырамыз.

А.АЛДОҢҒАРОВ