$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбеде саңырауларға арналған видео-диспетчерлік қызмет ашылды

AstanaTV
28.10.2015ж. 20:00
2068
Ақтөбеде саңырауларға арналған видео-диспетчерлік қызмет ашылды

Ақтөбеде есту қабілеті нашар адамдарға арналған жаңа қызмет түрі ашылды. Мұны қазақ саңыраулар қоғамының аймақтағы филиалы қолға алған. Мүгедектер бейне байланысы бар кез-келген әлеуметтік желіні пайдалана алады. Яғни ғаламтор арқылы такси шақырта алады.Өзге де тапсырыстар беруге, шұғыл қызмет түрлеріне жүгінуге мүмкіндігі бар. Тіпті туыстарымен тілдесу тұрғысында көмек алуына болады. Күн сайын олардан түскен қоңырауларды таңғы сағат 9-дан, кешкі 18-00-ге дейін екі сурдо-аудармашы қабылдайды. Бұл бастамаға облыстық бюджеттен 6 млн тенге бөлінді. Тиісті құрал-жабдықтар алынып, ғаламтор ақысы төленген. Мұндай қызмет еліміз бойынша әзірге тек Ақтөбеде ғана бар.

Жанат Нұржанова, Диспетчер-сурдоаудармашы:

Бұл байланыс түрі өте тиімді әрі жедел. Мүгедектермен жылдам байланысуға мүмкіндік бар. Осы қазір ғана көгілдір отын мәселесіне қатысты қоңырау келіп түсті. Жаңа баспанаға газ жүргізу бойынша мүгедек жан көмек сұрады. Енді мұны тиісті орындарға жеткіземіз

М.ЕСҚОЖИН