Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайлық оқушы текше ойыншықты жылдам құрастыруда үздік нәтиже көрсетті

AstanaTV
28.10.2015ж. 20:00
1343
Қостанайлық оқушы текше ойыншықты жылдам құрастыруда үздік нәтиже көрсетті

Қостанайлық оқушы текше ойыншықты жылдам құрастыруда үздік нәтиже көрсетті.  11 жасар Роман Килиенко, Ресейде өткен жарыста түрлі-түсті, төрт бұрышты ойыншықты небәрі- 53,2 секундта жинап шыққан. Осылайша ол, жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды. Ал бейнеспаға түсіру барысында қабілетті жасөспірім ойыншықты небәрі 40 секундта құрастырып, жарыстағы көрсеткішін тағы жаңартты. 5-ші сынып оқушысы ойыншықты тез жинауға жарты жыл бойы машықтанған. Романның ендігі межесі- кубикті көзін жұмып отырып құрастыруды үйрену. Сонымен қатар ол төртбұрышты ойыншықты жылдам жинаудың басқа да  құпияларын зерттеп жүрген көрінеді 

Роман  Килиенко, Спидкубинг чемпионатына қатысушы:

Кубик -рубиктің «3х3, 4х4, 5х5, тіпті 11х11» секілді күрделі түрлерін шапшаң және бір қолмен құрастыруды үйреніп жатырмын. Көзді жұмып отырып жинаудың да қыр-сырын меңгергім келеді.

З.САНАЙ