$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ШҚО-да 14 жастағы жасөспірімді сыныптас қызы өлтіруі мүмкін

AstanaTV
25.04.2016ж. 20:00
1809
ШҚО-да 14 жастағы жасөспірімді сыныптас қызы өлтіруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысындағы 14 жасар оқушыны сыныптас қызы өлтірген болуы мүмкін. Бойжеткен тергеу кезінде өз кінәсін мойындаған. Бұл туралы Ішкі істер департаменті өкілдері хабарлады. Оқушылар сөзге келіп қалып, қыз Медеттен өшін алмақ болады. Ал марқұмның сыныптастары, күдікті ретінде танылған қызға оның дос жігіті көмектескенін айтады. Яғни қызын ренжіткен адамды пышақтаған сол болуы мүмкін дейді.

Естеріңізге сайық, шығыс өңіріндегі Прапорщиково ауылының 14 жастағы тұрғыны Медет Маратов сәуірдің 20-да үйіне оралмаған. Ол күдікті қызды үйіне шығарып салмақ болған. Полиция мен еріктілер жасөспірімді екі күн бойы іздеді. Кейін оның бірнеше жерден пышақталған денесі Өскемен қаласының шетінен табылды. Күдікті әзірге үйінде.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті тұлға анықталды. Бұл тұлға осы Прапорщиково ауылында тұратын кәмелетке толмаған азаматша болып шықты. Қазір осы іс бойынша толыққанды тергеу амалдары жүзеге асырылуда. Қажетті сараптаулар тағайындалуда.

Айгүл ӘДЕПБАЙ