Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Жасыл ел» жасағында еңбек еткен 860 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

AstanaTV
29.10.2015ж. 20:00
1135
«Жасыл ел» жасағында еңбек еткен 860 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

Үш ай жазда «Жасыл ел» жасағында еңбек еткен қызылордалық жастар, әлі күнге дейін жалақыларына қол жеткізе алмай жүр. 860 жұмысшының, 190-ы кәмелет жасына толмаған балалар. Олар аптап ыстықта көше тазалап, шахарды көгалдандыруға ат салысқан. Енді жастардың құқығын қорғауға прокуратура органдары кірісті.  Құзырлы орган мамандары анықтағандай, жасыл ел жасақтарына жаздың алғашқы айының еңбекақысы жартылай ғана берілген. Ал, шілде және тамыз айларының еңбекақысы мүлде төленбей отыр.

Шыңғысхан Өтеміс, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:

Республикалық бюджеттен шамамен 12 миллион теңге жобасында жалақылары төленбей отыр.  Қысқа мерзімде жұмысшылардың жалақысының төленуі бойынша нақты шаралар белгіленді.

 Ш.САҚТАПОВА

Алдыңғы жаңалық