Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерді тонап 96 миллион теңгені қолды еткен ұрылар сотталды

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1010
Шығыс Қазақстанда кәсіпкерді тонап 96 миллион теңгені қолды еткен ұрылар сотталды

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерді тонап 96 миллион теңгені қолды еткен ұрылар сотталды. Атышулы іс 2 ай бойы қаралды. Қылмыс тамыз айының соңында тіркелген еді. Березовка ауылындағы кәсіпкердің үйін аңдыған ұрылар қожайыны жоқ кезде баса көктеп кірген. Қомақты қаражат пен алтын әшекейлерді қолды еткен екеу жомарт болып шықты. Олар 55 мың долларды таныс қызға берген. 4 мың еуроны ұлды болған ауылдасына сыйлапты. Такси қызметі үшін 100 долларлық банкнотпен есеп айырысқан. Артынша, такси жүргізушілерінің бірі ұрыларды ұстап беруге жәрдемдесті.Ол өз көлігінде 200 мың долларды ұмыт қалдырған жолаушылар жайлы полицейлерге айтып берген.

Ераман Өтешев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы:

Серахвостов 8 жыл 6 ай қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады. Дементьевке 8 жыл жаза кесілді. Ол да қатаң тәртіптегі колонияға тоғытылады. Істі егжей-тегжейлі қараған сот олардың бұрын істі болғанын да ескерді.

 Л.ҚАЗИАҚПАРОВА

Алдыңғы жаңалық