$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қытай азаматы жер асты жолы арқылы Қазақстанға өтпек болды

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1556
Қытай азаматы жер асты жолы арқылы Қазақстанға өтпек болды

Қытаймен шекаралас аймақта жерасты өткелі арқылы Қазақстанға өтпек болған қытайлық азамат ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі өкілдері хабарлады. Бұл сапарға ол тыңғылықты әзірленсе керек. Шекарашылардың қолына түскен сәтте,  дорбасында азық-түлік, ауыстыратын киім, тіпті велосипедтің қол насосына дейін болыпты. Отыз жастағы ер адам шекараның электр-дабылдатқыш кешенін жер астымен айналып өтуді көздеген сыңайлы. Бірақ қулығы іске аспай, дабыл қосылып кеткен. Шетелдік шекарадан 8 шақырымдай жерде ұсталды.

Қанатбек Солтанов, ҚР ҰҚК ШҚ БАҚ-пен жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі басшысы:

Өз іс-әрекетін жақсы өмір іздедім деп түсіндіреді. Қалтасында 500 юань, сөмкесінде азық-түлік, әлем картасы, шам,  киім-кешек пен темекі табылған. Осыған қарағанда Қазақстан жерінде ұзақ болуды жоспарлаған тәрізді.

 А.АЛДОҢҒАРОВ