$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ақтөбеде қоғамдық көліктердегі жолақы 80 теңге болуы мүмкін

AstanaTV
25.04.2016ж. 20:00
1293
Ақтөбеде қоғамдық көліктердегі жолақы 80 теңге болуы мүмкін

Ақтөбеде қоғамдық көліктердегі жолақы 80 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. "Автопарк" серіктестігі әкімдікке осындай өтініш айтқан. Жергілікті билік жолаушы тасымалдаушылардың ұсынысын қарап жатыр.

Қазір қалада жолақысы 50 теңге. Ал биыл қалалық мәслихат бірқатар жеңілдіктерді алып тастады. Оның орнына әлжуаз топтарға бір реттік төленетін әлеуметтік өтемақы көлемін өсіруді дұрыс деп шешкен. Атқарушы билік  мұны әлеуметтік көмек нақты мұқтаж жандарға берілуі тиіс деп түсіндіреді. Осылайша билік 400 миллион теңге үнемдеген.

Бекбол Сағын, Ақтөбе қаласының әкімі:

Өткен жылы біз бюджеттен субсидиясы бар, әлеуметтік төлемдер бар барлығы 1 млрд 300 млн жұмсасақ, биылғы жылы бар болғаны әлеуметтік төлемдерді көбейтіп, 870 млн жұмсап отырмыз. Сонда өзіңіз есептеңіз, былтырғы жылы 1 млрд 300 болды расходымыз. Биыл 870 млн субсидия жоқ.

Бүгінгі күні көпбалалы отбасылары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері қатарына қосылған топ өкілдеріне қосымша өтемақы ретінде қаражат бөлінген. Бүгінгі күні бұл мақсатта 142 млн теңге жұмсалыпты. Ал ең төменгі зейнетақы алатындар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қазан айына дейін күтуіне тура келеді.

Мансұр ЕСҚОЖИН