$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Шымкент іргесінде орналасқан қоқыс полигоны маңындағы Мәртөбе ауылының тұрғындары шу көтерді

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1206
Шымкент іргесінде орналасқан қоқыс полигоны маңындағы Мәртөбе ауылының тұрғындары шу көтерді

Шымкенттің іргесінде орналасқан қоқыс полигоны маңындағы Мәртөбе ауылының тұрғындары шу көтерді. Олар бастарындағы қиындықтың әлі күнге шешімін таппағанын айтып ашынады. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге күніне жүздеген көлік қоқыс әкеліп төгеді екен. Кәдімгі таза ауаны жұту- арман болды деген олар- жаз бойы шыбын-шіркей қаптап кеткенін айтады. Атжалмандар да көбейіп барады дейді амалы таусылған халық. {.+СНХ: }

Оразалы Кенжебеков, Мәртөбе ауылының тұрғыны

Айтудайын айтып жатырмыз. Жазып жатырмыз. Бас прокуратура бақылауына алды.Заңды емес екенін дәлелдеп бердік. Құжаттардың бәрі қолымызда. Олар санаспай жатыр халықпен. Біз де тоқтатпаймыз, санаспайтын болса соңына дейін барамыз.

Мәртөбе мен Таскен ауылы тұрғындарының бас ауруына айналған қоқыс тастайтын орын жайлы- мамыр айындағы жаңалықтарымызда мәселе көтерген едік. Ол кезде шенеуніктер қараша айына дейін шыдай тұруын сұрап, халықты сабырған шақырған. Алайда бес ай өтсе де жағдайдың өзгерген түрі көрінбейді. Шенеуніктердің айтуынша қоқыс алаңы үшін жаңа орын белгіленбеген.

Мәлік Әбдінұров Шымкент қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Біз қазір сол жер телімін іздеп жүрміз.Ол оңай тірлік емес.Өйткені айналасының бәрі жекешелендірілген жердің бәрі. Бірақ ол жұмыс қазір атқарылып жатыр, қаланың жоспарында ол жұмыс бар.

 А.ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ