Астанада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолияның белсенді жастары бас қосты. «Үлкен Еуразия: жастардың диалог алаңы» атты халықаралық кездесу Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жастар кеңесі жоспарын іске асыру аясында өткізіліп отыр. Жиынның басты тақырыбы ретінде «Үлкен Еуразия» ұғымының алынуы тегін емес. Бұл идеяны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуырда өткен БҰҰ-мы Бас ассамблеясының 70- сессиясында көтерген-ді. Кездесуді ұйымдастырушылар, Қазақстанды- жастардың диалог алаңына айналдыруды көздейді.
Шахмардан Байманов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
Жастар саясатының республикада іске асырылуы, жалпы қандай жақсы тәжірибелері бар соларды өзімізге Қазақстанда ендіргіміз келеді. Сонымен қатар ортақ бір мәмілеге келу, Қазақстанды халықаралық деңгейде жастардың диалог алаңы еткіміз келіп отыр. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты да осы.
Жиынға қатысқан жастар халықаралық кездесулердің маңыздылығына айрықша тоқталды. Ресейдің «Единая Россия» партиясы жанындағы жастар ұйымының белсенді мүшесі, болашақ саясаткерлердің өзара тәжірибе алмасуы үшін мұндай басқосу қажет деп санайды.
Александр Галкин, «Молодая Гвардия Единой России» қауымдастығы үйлестіру кеңесінің тең төрағасы:
Бүгін біз жастар саясатымыз айналысып отырмыз, уақыт өте келе үлкен саясатқа араласамыз. Сол кезде бүгінгі қалыптасқан достық қарым-қатынас жалғасып, бауырлас мемлекеттердің арасын жақындата түседі. Мен мұндай кездесулерді жиірек өткізіп тұру керек деп ойлаймын.
Халықаралық жиын екінші қарашаға дейін
жалғасады. Бүгінгі ресми ашылудан соң төрт елдің жастар ұйымдары саяси, мәдени,
қоғамдық және спорттық іс шараларды іске асыру жөнінде бірлескен меморандум
қабылдады.
{