Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағанды зообағы мен ондағы жануарлар жеке инвесторлардың қолына өтпек

AstanaTV
30.10.2015ж. 20:00
1344
Қарағанды зообағы мен ондағы жануарлар жеке инвесторлардың қолына өтпек
Қарағанды зообағы мен оның жануарлары жеке инвесторлардың қолына өтпек. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Жергілікті билік зообақты сату туралы алып-қашпа әңгімелердің алдын алу үшін, ақпарат құралдары өкілдерін жинаған. Оны жалға алуға ниет білдірген кәсіпкер әлі табылмай отыр. Әзірге зообаққа тиесілі 43 гектар аумақтың бестен бір бөлігі ғана кәдеге жаратылуда. Бос жерлерге түрлі аттракциондар мен кинотеатр және басқа да демалыс орны салынады деген жоспар бар.

Ирина Любарская, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

Біз жалға беру үшін инвесторларды іздеп жатырмыз. Бұл қорғауға алынған аумақ. Ешқашан сатуға шығарылмайды.

Қарағанды зообағы қиын жағдайға тап болғанына қарамастан жұмысын тоқтатқан жоқ. Мұүнда билет құнына қатысты белгілі топтарға жасалатын жеңілдіктер де бар. Мекеме басшылығы жануарлардың барлық түрі сақталғанын,олардың саны да едәуір өсіп отырғанын алға тартуда. Қазір мұнда аң-құстың 700-ден астам түрі бар.

М.ЕСҚОЖИН