Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам азық-түлік жеткізілді

AstanaTV
25.04.2016ж. 20:00
1677
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам азық-түлік жеткізілді

Астанада өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 200 тоннадан астам азық-түлік халыққа ұсынылды. Дәстүрлі жәрмеңке тұрғындардың сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік береді. «Думан» ойын-сауық орталығы алаңында көкөніс пен жеміс-жидектің түр-түрі сатылды. Мұнда келушілер айран-сүт, ет өнімдерін, дәмі тіл үйіретін сапалы балды, өзге де өнім түрлерін біршама төмен бағамен сатып алып жатты. Астана халқына өз өнімін ұсынған 150-ге тарта кәсіп иесінің арасында елордалықтармен қатар, Ақмола және Қарағанды облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері де бар. Жәрмеңке енді күзге дейін жалғасатын болады.

Оразхан Есенғұлова, Астана қаласының тұрғыны:

Бағасы жақсы, арзан, көкөніс, жеміс барлығын аламын, сүт-айранды да. Осындай жәрмеңкеге өзім жиі-жиі келіп тұрамын болған сайын, келіп азық алып тұрамын. 

Ризагүл  Қайкенова, Астана қалалық әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы: 

500-дей өнім түрі ұсынылуда, өндірушілеріміз бен жеткізушілеріміз 200 тонна азық ұсынып отыр, бағалар нарықтан 10-15 пайызға арзан. Жәрмеңкелер апта сайын жұмадан жексенбіге дейін болады 8 қарашаға дейін.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ