Астананы абаттандырып, қоқыс
пен тұрмыстық қалдықтардан тазартуға 100 мыңнан астам адам ат салысқан.
Жалпықалалық сенбіліктегі еріктілер көшін шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков
бастады. Әкім Ұлттық музей аумағында сібір шыршасының көшеттерін отырғызды.
«Таза қала - бақытты қала!» атты экологиялық айлық аясында бас-аяғы 16 мың түп
ағаш отырғызу жоспарда бар. Ал тазалық жұмыстары кезінде қаладан 4 мың тоннадан
астам қоқыс шығарылған. Елорданы санитарлық тазарту, абаттандыру және
көгалдандыру айлығы 18 мамырға дейін жалғасады.
Әділбек Жақсыбеков, Астана
қаласының әкімі:
Қаланың көшелерін тазалап,
ағаштар отырғызамыз. Қаланы тазарту - ол тұрғындардың да міндеті. Бұған
барлығымыз жауаптымыз. Бүгінгі жалпықалалық сенбілікке халық өте белсенді
қатысып жатыр. Жақсы жұмыс жасап, 100 мыңнан астам адам шықты. Көңіл-күйіміз
жақсы. Барлықтарыңызға ризашылығымды білдіремін.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА