$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапармен барды

AstanaTV
03.11.2015ж. 20:00
1073
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапармен барды. Осы сәттерде Қазақстан Президенті мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабар таратуда.

Сапар барысында Президенттің ІІ Елизавета Патшайыммен кездесуі де жоспарланған. Сондай-ақ британдық жетекші компаниялардың басшыларымен де кездесулер өтпек.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА