«Алматы
жылу жүйесі» мекемесі өз сайтында 100-ге жуық борышкер нысандардың тізімін жариялады.
Көш басында Алматы қалалық соты тұр. Мекеменің жылуға қарызы 22 миллион теңгеден асып жығылады. Қалалық
соттың баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, қомақты соманың бір бөлігі 2014 жылдан қалған қарыз көрінеді.
Қыркүйекте қалалық сот пен «Алматы жылу жүйесі» бітімгершілік келісімге келген.
Оған сәйкес борышкер аталған соманы жыл соңына дейін өтеп беруге уәде
еткен.
Самат ҚАНАҒАТОВ