Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда Бергей Рысқалиевке қатысты сот жалғасуда

AstanaTV
05.02.2014ж. 13:00
1154
Атырауда Бергей Рысқалиевке қатысты сот жалғасуда

Атырауда «Бергей Рысқалиевтің қылмыстық тобы» ісіне қатысты айыпталушылардың бірі өзін абақтыдан үй қамаққа ауыстыруды талап етуде. Талабы орындалмаған жағдайда «АқтөбеХаусКонтракшн» және «BNB Construdion» ЖШС-терінің бұрынғы есепшісі Гүлмира Азбергенованы, адвокаты Райхан Айтенованың сөзінше, аштық жариялауға мәжбүр.

Судья бұл талап бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдады. Мемлекеттік айыптаушыдан өзге айыпталушылар мен адвокаттар бұған келісім берді. Алайда, судья Гүлмира Дәулетова бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ. Және ашықтық жариялау шешімді өзгертуге әсер етпейтінін айтып, істі қарау енді басталғанын ескертті. Алдағы уақытта бұл өтінішті кері ұсынуға болатынын да айтып өтті. Одан өзге тағы екі адвокаттың өтініші қаралған соң, қазір куәгерлерден жауап алынуда.

Айта кетейік, сот процесі он бір бөлікке жіктеліп қарастырылуда. Қазір соның алғашқысы - пәтер мәселесі тыңдалып жатыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ