$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі Мәскеуде ұсталды

AstanaTV
03.02.2014ж. 10:00
1144
Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі Мәскеуде ұсталды

Бергей Рысқалиевпен ұйымдасып қылмыс жасағандардың бірі Мәскеуде ұсталды. Ол - Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі, кәсіпкер Олег Павличенко. Бұл туралы Атырау Қаржы полициясы бастығының орынбасары Заңғар Заңқанов мәлімдеді, деп жазады ақпарат құралдары.

Қазір Бас прокуратура Павличенконы Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарап жатыр. 43 жастағы Олег Павличенко Ақтөбе өңірінің тумасы. Ол 2012 жылдың қазанынан бастап халықаралық іздеуде болған. Кәсіпкер Атырау облысындағы құрылыс нысандарына бөлінген қаржыны қалтаға басты, бюджет қаржысын қымқырды деп айыпталған. Тергеу ісінің нәтижесі бойынша, ол Бергей Рысқалиев басқарған қылмыстық топтың белсенді мүшесі екені белгілі болды.

Айта өтейік, 23-қаңтар күні Атырауда атышулы Рысқалиев ісі бойынша сот отырысы басталды. 22 айыпталушының қатарында экс-шенеуніктер мен кәсіпкерлер бар. Өңірдің бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен інісі Аманжан Рысқалиев қазір іздеуде жүр. Кей мәліметтер бойынша олар Лондонда болуы мүмкін.

Илхам ИБРАГИМ