Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Таиланд елінің билігі сайлау қорытындысын қабылдамай тастауы мүмкін

AstanaTV
03.02.2014ж. 10:00
1311
Таиланд елінің билігі сайлау қорытындысын қабылдамай тастауы мүмкін

Таиланд орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өткен Парламент сайлауының қорытындысын жариялаудан бас тартты. Себебі, 500-ге жуық сайлау учаскесінде дауыс беру мүмкін болмаған. Оппозиция өкілдері бұдан бұрын да сайлаудың шырқын бұзамыз деп уәде еткен. Себебі, наразы топ додада басқарушы партия жеңіске жететініне шүбә келтірмеді.

Болжам бойынша, белсенділер дауыс беру учаскелерін қоршап тастап, сайлауға барынша кедергі келтірген. Ал елдің оңтүстік аумағында сайлаумен қатар жаппай тәртіпсіздік болып жатты. Ал комиссия дауыс беру қорытындысын 23 ақпаннан кейін хабарлайтынын айтты. Оған дейін билік қалған аудандарда дауыс беруді жалғастырмақ.

Естеріңізде болса, тай билігі өткен жылдан жалғасып келе жатқан тәртіпсіздіктің алдын алу үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізген. Өйткені, оппозиция өкілдері билікті басқарып отырған Чинават әулетінің тақтан кетуін талап етті. Ал дауыс беру алдында үкімет елде төтенше жағдай жариялады.

Әлия ӘШІМ