$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Индонезияда вулканның атқылауынан 16 адам қаза тапты

AstanaTV
03.02.2014ж. 10:00
1234
Индонезияда вулканның атқылауынан 16 адам қаза тапты

Индонезиядағы Синабунг жанартауының атқылауынан, 16 адам қаза тапты. Олар вулканның ыстық күлінің астында қалып, ажал құшқан.

Қаза тапқандардың басым бөлігі - жанартау маңындағы елді мекен тұрғындары. Ал төртеуі Синабунг жанартауын көзбен көру мақсатында келген саяхатшы оқушылар көрінеді.

Айта кетейік, аталмыш жанартау 400 жылғы терең ұйқысынан кейін 2010 жылдың тамызында алғаш рет атқылаған. Өткен жылдың қараша айында да осы жанартаудан от шашылды. Демалыс күндері бір күннің ішінде жанартау үш мәрте оянып, күлі екі шақырым биіктікке жеткен.

Әлия ӘШІМ