Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда мұражай кешені ашылады деп жоспарлануда

AstanaTV
03.02.2014ж. 10:00
1173
Павлодарда мұражай кешені ашылады деп жоспарлануда

Павлодардағы көне ғимарат сүрілмейтін болды. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен бұл жерде мұражай кешені ашылады деп жоспарлануда.

Еске салайық, жергілікті билік 104 жылдық тарихы бар ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салуды көздеген. Алайда, әкімдіктің бұл әрекетіне қоғам белсенділері қарсы шығып, өңір басшысының атына хат жолдады. Енді, мәселе оң шешімін тауып отыр. Тарихшылар, өлкетанушылар, сәулетшілер мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен жасақталған комиссия ортақ байламын жариялады. Оған сәйкес, ғимарат толықтай жаңартылып, жөнделеді. Сөйтіп, мекеме болашақта Керекудің өткенінен сыр шертетін мұражай кешеніне айналмақ.

Гүлнар Нұрахметова, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

Біз музей қызметкерлері, бұл үйде музей болсын деп ойлаймыз. Осы музейдің ішінде бірнеше ғылыми орталықтар болу керек. Бұл - 6 археологиялық орталық, бұл - географиялық ғылыми орталық, бұл - антропологиялық ғылыми орталық. Сондықтан да, үлкен бір ғылыми орталық болады деп ойлаймыз.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ