Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Манделаның өсиетнамасы оқылды

AstanaTV
04.02.2014ж. 13:00
1067
Манделаның өсиетнамасы оқылды

Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның өсиетнамасы оқылды. Ол 40-беттен тұрады. Танымал тұлға өзінің 4 млрд 1 млн доллар қаржысын отбасы мүшелерімен қатар, «Африка ұлттық конгрессі» партиясына, бұрынғы қызметкерлеріне және бірнеше мектепке үлестіріп беруге өсиет еткен.

Естеріңізде болса, кеше Манделаның өсиетнамасы қысқа нұсқа болады, деп хабарланған еді. Бірақ олай болмай шықты. Десе де, мұраның бөлінуін Манделаның отбасы мүшелері мақұлдап отыр.

Тағы бір қызық жайт, марқұмның үшінші әйелі Граша Машел өзіне тиесілі қаржыдан мүлдем бас тартқан.

Айта кетерлігі, африкандық қайраткердің артында 30 перзенті мен немере-шөберелері қалды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ