Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда өнер жұлдыздары дауыс берді

AstanaTV
20.03.2016ж. 12:00
1543
Алматыда өнер жұлдыздары дауыс берді

Еліміз үшін саяси шарада өнер жұлдыздары да белсенді. Алматыдағы Ұлттық кітапханада орналасқан 254 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып әнші, композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев әйелімен келіп, дауыс берді.

Ескендір Хасанғалиев, әнші, сазгер:

Біз Отан ананың уызынан шыққан ұрпақтармыз. Сондықтан да осындай үлкен оқиғаға асталысу, бір адамдай болып қатынасу, бұл - біздің міндетіміз. Өйткені біз де жас кезімізден бастап осы сайлауға қатысып жүрміз. Бір де бірін жіберген емеспіз.

Сондай-ақ, қазақтың бұлбұлы, ҚСРО-ның халық әртісі Бибігүл Төлегенова да Достық даңғылының бойына орналасқан нөмірі 371 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Самат ҚАНАҒАТОВ