Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нөсер жауыннан соң Италияны су басып қалды

AstanaTV
05.02.2014ж. 10:00
1366
Нөсер жауыннан соң Италияны су басып қалды

Италияда жауған жаңбырдың соңы су тасқынына айналды. Бәрінен де ел аумағының орталық бөлігі тұрғындарына қиын соңып тұр. Мұнда өзендер өз арнасынан шығып жатыр.

Ал Тибра өзеніндегі су шелектеп жауған жаңбырдың салдарынан қауіпті деңгейге дейін көтерілді. Су тасқыны Пизу қаласына дейін жетіп, енді ел астанасы Римді де су алып жатыр.

«Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, «мәңгілік шаһардың» коммуналдық қызметі қазір аяғынан тік тұрған. Секунд санап еселеп аққан су тасқыны метроның бір аумағын жабуға әкеп соқты. Күтпеген апат елдің солтүстігіне жетіп, Венеция тұрғындарын да әбігерге салды. Қазір Венеция және Триест қалаларының арасындағы теміржол қатынасы да тоқтатылды.

Сымбат МОЛДАТАЙ