ЭКСПО ісіне қатысты сот отырысы
4 күндік үзілістен соң қайта жалғасты.
Атышулы қылмыстық істі қарау бейсенбіден бері уақытша тоқтаған-ды. Бұған дейін
кінәсін мойындаған айыпталушылар соттың қатаң жаза тағайындамауын сұраған. Үзіліс, жазалау шарасын қайта
қарау жөніндегі процессуалдық келісімшарттарын қарау мақсатында, жасалды.
Қорғаушылар болса, айыптаушы тараптың бақандай 4 күн «демалыс жариялағанына»
наразы. Прокурорлар «жұмыс күніміз регламентке сай» деп отыр. Бүгінгі сот
отырысына өзге қалалардан келген куәгерлер де қатысты.
Айта кетейік, ЭКСПО
ісінде 24 адам айыпталып отыр. Олардың 14-і кінәсін толық мойындады. Істің
басты фигуранты «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияев аса ірі
көлемде пара алды, мемлекет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отыр.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА