Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан теннис құрамасы Дэвис Кубогы рейтингісінде өз орнын жоғалтты

AstanaTV
05.02.2014ж. 20:00
1597
Қазақстан теннис құрамасы Дэвис Кубогы рейтингісінде өз орнын жоғалтты

Қазақстанның теннис құрамасы бельгиялықтармен болған 1/8 бәсекеде жеңіске жетті, дегенмен Дэвис Кубогы рейтингісінде өз орнын жоғалтты. Өйткені, біздің командамен сайысқа түскен өзге екі елдің құрамасы оза шапты. Олар 15-орыннан бірден тоғызыншы орынға көтерілген швейцариялықтар мен Италия командасы. Қазақстан бұл жарыс қорытындысы бойынша үздік ондыққа еніп отыр. Халықаралық рейтингтің бірінші орнына Чехия құрамасы, одан кейін Испания құрамасы жайғасты. 


Диас Досқараев, теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:


Біз өзіміздің рейтингімізді қорғадық, былтырғы жылғы сәтті көрсеткішті қайталадық десе де болады. Ширек финалға шығып, сегізінші орында тұрмыз. Бірақ басқа құрамалар Испанияны жеңді. Германия, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания бізден төмен тұр. Рейтингтің маңызы жоғары, сондықтан алдағы уақытта жетістікке жетеміз деп ойлаймын.



Халықаралық рейтингте көрсеткішке жетуге қыздар командасы да құлықты. Олар қазір 19-орында. Астанада биыл екінші жыл қатарынан Азия - Океания аймағы федерациясының кубогі үшін жарыс өтеді. Былтыр біздің ұлттық құрама екінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне өткен, бірақ соңында француз қарсыластарынан жеңіліп қалған еді. Қазір ұлттық құрама өз тобында Индонезия, Таиланд құрамасымен сайысқа түседі. Таиланд құрамасы теннистен озық болса да, Астанада бас қосқан ұлттық команда қыздары жеңістен оңайлықпен бас тартқысы жоқ. 


Ярослава Шведова, ҚР теннистен ұлттық қыздар құрамасының мүшесі:


Біз сайысқа жақсылап дайындалдық. Дэвис каптағы ерлер жеңісі бізді одан сайын рухтандырды. Жаттығу жасап жатырмыз. Алдағы уақытта Азия құрамасынан озып, биік белестерді бағындырамыз деп сенемін. 


Сымбат МОЛДАТАЙ 
 

Алдыңғы жаңалық