Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шымкент: Мешітте жымқырумен шұғылданған ұры ұсталды

AstanaTV
06.02.2014ж. 10:00
1102
Шымкент: Мешітте жымқырумен шұғылданған ұры ұсталды

Шымкентте ұрылар Алла үйіне ауыз сала бастады. Полицейлердің қолына түскен 18 жастағы күдікті мешітке келгендерді үптеп отырған.

Оның қолға түсуіне жергілікті тұрғындардың арыз-шағымы себеп болған. Құқық қорғаушылардың құрығына іліккен күдікті еш жерде жұмыс істемейді. Қоғамдық орындарда азаматтардың қалтасына қол жүгіртіп, ақша, ұялы телефон сынды бағалы заттарды әкетуге машықтанған. Баукеспе қазір қылмысын мойындап отыр. Кезекті бір жорығында ол әлдебір азаматтың қалтасынан 300 мың теңгені суырып, ізін жасырған.

Бір айта кетерлігі, бұрын сотты болмаған жігіт қолхатпен бостандыққа жіберілді. Қазір оның өзгелерге келтірген материалдық шығын көлемі анықталуда.

Салтанат Қаракөзова. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

Қазіргі таңда ол он жәйтқа қатысы бар деген дәлелденіп отыр. Оған байланысты ҚР ҚК 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Негізінде қолхат алынған, еш жерге шықпайды деп қала сыртына.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ