$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Украинадағы саяси дағдарыс экономикалық дағдарысқа кеп соғуда

AstanaTV
06.02.2014ж. 10:00
1954
Украинадағы саяси дағдарыс экономикалық дағдарысқа кеп соғуда

Украинадағы саяси қақтығыс соңы экономикалық дағдарыспен аяқталуы мүмкін. Бұл туралы қаржы саласының мамандары мәлімдеуде.

Украинаның ұлттық валютасы гривен күн санап өсіп жатыр: күніне 16 тиын қосады. Еуро да қалыспай, Америка валютасымен жарысып артып жатыр. Дабыл қаққан экономистер гривен құнын түсіру үшін ешқандай алғышарт жасалап жатқан жоқ, дейді. Олар тек үрейге беріліп, жаппай доллар сатып алып жатқан тұрғындардың іс-әрекетіне алаңдаулы. Себебі, олар бұл әрекеті арқылы ұлттық валютаның басына төнген қатерді одан сайын ушықтырып, балансты бұзады. Жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін, қаржыгерлер ел билігі мен оппозицияның саяси қақтығысты тезірек шешілуі тиіс, дейді.

Олардың ойынша, жаңа үкімет жасақталмайынша, айлықтан айлыққа дейін күн кешіп жатқан Украина халқы зардап шекпек. Өйткені, кез келген баға өзгерісі тек тұрғындардың қалтасын қағатыны анық.

Сымбат МОЛДАТАЙ