$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Отандық кәсіпорындар биыл 11 мың автөкөлікті сыртқа экспорттауды көздейді

AstanaTV
06.02.2014ж. 20:00
1497
Отандық кәсіпорындар биыл 11 мың автөкөлікті сыртқа экспорттауды көздейді

Отандық кәсіпорындар биыл 11 мың автөкөлікті сыртқа экспорттауды көздейді. Ал 2016 жылы бұл сан 58 мыңға жетпек. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды.

Қазақстандағы автобизнес қауымдастығының басшысы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, биыл елімізде "Тойота" маркалы үш мың темір тұлпар құрастырылмақ. Бүгінде әрбір бесінші қазақстандық азамат отандық көлікті тізгіндейтін көрінеді. Дегенмен бұл сала әлі де мемлекеттің қолдауына мұқтаж.


Андрей Лаврентьев, Қазақстандағы автобизнес қауымдастығының президенті:


Қауымдастық Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірігіп, көлік құралдарын жоюға жіберу туралы бағдарлама қабылдады. Оны Қоршаған ортаны қорғау мен Экономика және бюджетті жоспарлау министрліктері де қолдап отыр. 2015 жылдан бастап іске кірісу үшін, Үкіметтен де аталған құжатты қолдауды сұраймыз.


Еске салайық, көлік құралдарын утилизацияға жіберу бағдарламасын шұғыл әзірлеу Үкіметте былтыр көтерілді. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қазір Қазақстанда 2 миллион 700 мың көлік тіркелген. Оның екі миллионы шығарылғанына 18 жылдан асқан көліктер. Аталған бағдарлама қолға алынбаса, бес жылдан соң елдегі ескі көліктердің саны 5 миллионға жетуі мүмкін.


Мөлдір БАҚЫТҚЫЗ