$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанның ресми атауы «Қазақ елі» болып өзгеруі мүмкін

AstanaTV
07.02.2014ж. 13:00
2528
Қазақстанның ресми атауы «Қазақ елі» болып өзгеруі мүмкін

Қазақстанның ресми атауы - «Қазақ елі» болып өзгеруі мүмкін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына барған сапарында республиканың атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты.

«Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты «стан» деген жалғау бар. Сонымен, бір мезгілде шетелдіктер небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында «стан» жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар», - деді Президент. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн екенін де айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Мен әрі қарай ойлап жүргенім, бірінші рет мүмкін айтармын сіздерге. Осы мүмкін барлығымен бірге болмай Қазақстан дейміз, Қазақстан Республикасы дейміз. Қазақ елі деген мәселеге көшуіміз керек. Қазақстанның атын. Сонда мәңгілік ел болам деген, ол - ата-бабамыздың арманы.

Илхам ИБРАГИМ